Asset Publisher
Конрад Аденауэр
05 қаңтар 1876 – 19 сәуір 1967
Asset Publisher
Конрад Аденауэр Германия Федералдық Республикасының алғашқы федералды канцлері. Оның Канцлерлік қызметі кезінде (1949-1963) орнатылған негізгі саясаттар Германия Федералдық Республикасының ішкі құрылымы мен шетел саясатында қазіргі таңға дейін сәйкестендірілуде.
Федералды Республиканың Батыс демократиялық мемлекеттері шеңберіне, Еуропа біріктіру жобасына және неміс-француз бітіміне кіру Аденауэрдің атымен тығыз байланысты. Канцлер ретінде өз қызметін қабылдағаннан кейін ол бірден Германия халқының атынан "миллиондаған өмірді мәңгілікке бұзған Еврей халқына қарсы әділетсіздікті түзету" тұжырымын жасады.
Соғыс әсерінен кейін әлсіреген Батыс Германиясын қалпына келтіру Аденауэрдің Канцлерлік қызметін атқару уақытында әлеуметтік нарық экономикасы мен маңызды әлеуметтік-саяси таңдауы болды.
1945 жылы партия құрудың кездейсоқ толқынынан кейін құрылған Христиан-Демократиялық ұйымы Аденауэр арқылы «Канцлердің партиясы» ретінде жетілдіріліп, Германия Республикасының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы ең сәтті партиясы болды.