Жинақ материалдарында азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы, бюджеттік саясат және өмірді қамтамасыз ету факторлары, т.б. мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, жинақта экономикалық құрылымдық өзгерістер мен тұрақты даму мүмкіндіктері, сондай-ақ жергілікті басқару саласындағы кадрлық саясат қарастырылады.
Кітаптың басты ерекшелігі — мұнда негізгі қатер-тәуекелдер мен проблемалық мәселелерді шешу жолдары сипатталған. Жинақ Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мүдделі тұлғалардың, сондай-ақ жалпы көпшілік оқырман қауымның қызығушылығын тудырады деп үміттенеміз.